Қалалық қоғамдық-саяси газет

Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамның қайта вакцина салғызғанын айтты

0 230

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қанша адам ревакцинация жасағанын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні ревакцинация жасаған адамдардың саны 9 412 адамды құрады», – деді Шоранов үкімет отырысында.

Вице-министр коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашада басталғанын еске салды.

Ревакцинация екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңде:

  • медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері;
  • 60 жастан асқан адамдар;
  • өз бетінше зерттеуден өткен және антиденелерге теріс нәтижесі бар адамдар.

Екінші кезеңде:

  • вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар қамтылады.

Сондай-ақ ол Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы келіп түскенін хабарлады. Бүгінгі күні 62 707 жасөспірім және 17 015 жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салынған.

Айта кетсек, Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.