Қалалық қоғамдық-саяси газет

Денис Теннің анасы федерациядағы жанжалдан кейін қызметінен босатылды

0 403

Оксана Тен Ұлттық конькишілер федерациясының вице-президенті қызметінен кетті. Анығында бұл қызмет жойылды, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі кznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі вице-президент қызметін қысқарту туралы шешім құрылтай жиналысында айтылды. Жиынға қатысушылардың бірі ұсыныс тастап, қалғандары бірауыздан қолдады.

«Құрылтайшылар 2021 жылды қорытындылап, болашақта даму жолын талқылап, жұмыс сапасын арттыру мен федерация құрылымын оңтайландыру мақсатында бірқатар шешімдер қабылдады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында Ұлттық конькишілер федерациясының вице-президенті Оксана Тенді орнынан алып тастау туралы хат желіде жарияланды. Хатты спорт жаттықтырушылары Мәдениет және спорт министрлігіне, сондай-ақ, Ұлттық олимпиада комитетіне жолдаған. Жаттықтырушылар Тенді «шешімді өзі қабылдайды» деп айыптаған. Алайда Оксана Тен бұл айыпты негізсіз деп атады.

«Ол — өтірік әңгіме. Бірнеше рет жиналыс өтті. Зум арқылы да талай ақылдастық. Барлық өңірлерден жаттықтырушылар ол жиналыстарға қатысты. Мына хаттағы қол қойғандардың өздері де сол жиында болды. Сондықтан не үшін мені қаралап отырғанын білмеймін», — деген еді Оксана Тен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.