Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронттардың өтуімен демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде жаңбыр, ал солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің шығысында, солтүстігінде, батысында-тұман, солтүстігінде-көктайғақболуы ықтимал.
Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы 3°C аязға дейін төмендейді, күндіз 8-15°C.
Солтүстікте, елдің орталығында түнде – 3°C, күндіз 5-14°C жылы болады.
Шығыста түнде – 5 °C аяз, күндіз 10-21°C жылыны көрсетеді.
Республиканың оңтүстігінде түнде 0-11°C жылыға, күндіз 15-23 °C жылыға дейін төмендейді.