Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді

0 366

Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттығынан кететінін мәлімдеді деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Мен бүгін Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатып, қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық іске толық көңіл бөлу туралы шешім қабылдадым. Nur Otan партиясы үшін дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына маған көрсетілген сенімі үшін алғысымды білдіремін. Қаңтардағы қайғылы оқиға бейбіт аспан, Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміздің гүлденуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Мұның бәрі – бүкіл халқымыздың үлкен қасіреті. Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін. Соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек», – деді ол.

Сондай-ақ экс-депутат барша қазақстандықтар, бүкіл қоғамымыз «қаралы қаңтар оқиғасынан» ащы сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбауы үшін барлық күш-жігерімізді салумыз керектігін айтты.

«Анархия тек қорқыныш пен зұлымдық әкелетінін осы қайғылы күндер көрсетті. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін, ұлттық егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтау үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек. Мен өз елімнің мүддесі үшін қызмет етемін. Бұл үшін лауазымдар қажет емес», – деп ағынан жарылды үндеуінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.