Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сата ма?

0 574

КТК телеарнасы сатыла ма? деген өзекті сауалға арнаның ресми сайты жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

– Жақында бірқатар қазақстандық басылымдар телеарнаның сатылып, меншік иесінің ауысқаны туралы ақпарат жариялады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдейміз, – делінген мәлімдеме.

– Телеарна акционерлерден заң талаптарына сәйкес компанияның акцияларын сатқаны туралы ешқандай хабарлама алған жоқ. Жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдері түсініктеме алу үшін КТК телеарнасына жүгінген жоқ. Телеарнаның қызметі туралы нақты және ресми ақпаратты Цифрлық даму және қоғаммен байланыс бөлімінде +7 (727) 258 36 70 телефоны арқылы алуға болады, – делінген мәлімдемеде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.