КТК арнасының мәліметінше, елордада футболдан Айсұлтан Рахатты еске алу турнирі өткен. Жыл сайын ұйымдастырылатын турнирдің жеңімпаздарына Дариға Назарбаева сыйлықтар үлестірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағандыдан келген 9-11 жас аралығындағы жас спортшылардың жарысы “Астана Арена” стадионында өткен. Жарысқа 150-ге жуық бала келген.
Екі күнге созылған турнирде «Астана» балалар футбол клубы жеңіске жеткен. Турнирдің күміс жүлдесін Қарағандылық «Шахтер» командасы, ал қола жүлдені алматылық «Қайрат» жеңген.
Телеарнаның сюжетінде Қазақстанның экс-президентінің қызы Дариға Назарбаеваның жүргенін көруге болады. Ол жарыста жеңіске жеткен балаларға сыйлықтар беріп, бірге естелікке суретке түскен.
Айсұлтан Рахат (Назарбаев) – марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы. Айсұлтан 2020 жылдың 16 тамызына қараған түні Лондонда қайтыс болды. Оның жүрегі тоқтап қалғаны айтылады.