Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дариға Бадықова тойда ән айтып, ақысына екі қап пияз алғанын еске алды

0 419

Дариға Бадықова – бүгінде қаламақысы жоғары, сұранысқа ие актриса. Отандық телехикаялардың жұлдызына айналған Бадықова бір кездері екі қап пияз үшін ән айтқан. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы уақытта актриса қыз ұзатып жүр. Бадықованың өзі әнге бір күнде келмегенін айтады. Негізгі мамандығы актриса болғанымен, жастай сахнаға шыққан. Алғашқы нәпақасын да тойдан тапқан.

«Кинотеатрдың бастығының тойына бардым. Кетіп бара жатып «мына қызға екі қап пияз салып бер», – дегенді естіп қалдым. Әлгі кісі ұмытып кетпесе екен деп: «Сіз маған екі қап пияз берем деп едіңіз ғой», – деп өзім сұрап алдым»,  – дейді актриса.

Алматының қақ ортасынан 2 бірдей үй, түрлі автокөліктер мен бизнес. Елдос Қадірханов бұның бәріне бірден жете қойған жоқ. «Қара жұмыстың біразын істеп шықтым»,-деген Колобок қаражаттың көзі кәсіпте екенін түсінген.

«Жанармай бекетінде бензин құйып беретін пистолетчик болып жұмыс істедім. Қазір айлыққа жұмыс істейді ғой, ол кезде айлық деген жоқ. Жүргізушілер не береді, соны алатынмын. Сөйтіп мен өзім күзге киім алып алғанмын. Басында ұялатынмын, содан кейін өзім сұрап алатын болдым», – дейді вайнер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.