Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәурен Серғазин: Әйел басқаратын отбасы да бақытты болады

0 1  482

Дәурен Серғазин отбасында ең маңызды нәрсе тыныштық деп атады. Адамдар бір отбасындағы ер азаматтардың әрекетін, немесе әйел адамның әрекетін сынауға ешкімнің хақысы жоқ дегенді айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы актер “Қасқа жол” бағдарламасында айтты.

Актер әр азаматтың отбасындағы әрекетін өзге біреудің сынауға құқығы жоқ дейді. Бақытты отбасының формуласын қолдан жасаудың керегі жоқ.

“Мен бақытты отбасының формауласын ойдан жасаудың түкке керегі жоқ деп санаймын. Себебі, бақытты отбасы ол тыныштықта. Ешбір адамның бір отбасындағы азаматтың не әйелдің әрекетін сынауға хақы жоқ. Ол азаматқа үйде тамақ жасаған ұнайтын шығар. Немесе әйеліне көмектесу үшін жасағысы келетін шығар. Мен ер адамдардың тамақ жасағаны дұрыс деп жатқан жоқпын. Мен азаматтардың әйеліне көмектескенін құптап жатырмын”, – деді актер.

Айтуынша, егер қандай қатынас болмасын ер мен әйел тату болса, елдің сөзін көңілге алудың керегі жоқ.

“Бастысы ер мен әйелі тату ма, екеуіне де солай ыңғайлы ма, ер азаматқа өз әрекеті, отбасындағы аурасы ұнайды ма, бастысы сол. Еркек мынаны істесін, мынаны істемесін деп қалай айта аламыз. Ауырып жатқан әйеліне тамақ жаса деп қалай айтамыз? Ол әр адамның тәрбиесіне, санасына байланысты. Саналы азамат, отбасында дұрыс тәрбие алған азамат ондайға жеткізбейді. Өз баласын да дұрыс тәрбиелей алады”, – дейді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.