Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәріхана тонағандар көп ұзамай ұсталды

0 1  979

Ағымдағы жылғы 25 наурыз күні сағат 22.30 шамасында қаланың ықшамаудандарының бірінде орналасқан дәріханаға 20-25 жастағы медициналық бетперде киген екі белгісіз адам баса-көктеп кіріп келген.
Тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, фармацевтердің алдындағы витринаны сындырып, 37 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденген. Осыдан кейін олар қылмыс орнын тастап, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (бір топ адамдар алдын ала сөз байласып, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп-шыққан қарақшылық дерегі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ізін суытпай полиция қызметкерлері екі күдіктіні, облыс орталығының 17 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады.
Күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Облыстық полиция департаменті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.