Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бір құпиясын біліп қойса керек»: Шымкентте күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің туыстары қылмыскер жазасыз қала ма деп алаңдауда

0 1  141

Шымкентте үш ай азаматтық некеде болып, ажырасқан соң күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің туыстары қылмыскердің жазасы кетуінен қорқатындарын айтты. Марқұмның анасы қызын бір сұмдықты біліп қойғаны үшін өлтірді болжауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

39 жастағы Раушан Фирманова 31-тамыз күні азаматтық неке болған бұрыңғы күйеуінің қолынан қаза тапты.

Анасның айтуынша, қызы күйеу баласының бір құпиясын біліп қойса керек, қатты шошынып қалған. Соның салдарынан тіпті туыстарымен еркін араласа алмайтын жағдайға жеткен. Шілде айында төркініне келген кезде ғана отбасынан “мені құтқарыңыздар” деп көмек сұраған көрінеді. Келесі күні анасы қызын алып кеткен. Алайда көп ұзамай қызы күйеуінің қолынан қаза тапты.

“Барлығы ойластырып, қастандықпен істеген. Бір жерден күштеп тұрып көлігіне мінгізгені анық. Ал полицейлерге өзі хабарласып, шақырды сосын көлігіме мінгіздім, кейін жанжалдасып, ашумен пышақ тығып алдым деген. Менің қызымды аңдып жүріп, өлтіргені анық. Өйткені ол бір құпиясын біліп қойса керек”,- деді марқұмның анасы Нафиза Қыстаубаева.

Оқиға орнында күдіктінің інісі де болған. Ол жағдайды полицияға хабарлапты. Марқұмның туыстары бұл қылмысқа оның да қатысы болуы мүмкін деп топшылауда.

“Сот медициналық экспертизасы 2 минутта жан тапсырған деп қорытынды шығарды. Ашумен пышақ сұғып алған адам күре тамырын дәлдеп тұрып нұсқай ма? Күре тамырын үш рет пышақтап қиып жіберген, жүрек пен балтырына тыққан. Осылайша көшеде көлігінің ішінде қорлықпен өлтірген. Көлік іші мен сырты қанға боялған”,- деді Нафиза.

Қазір Раушанның туыстары істі болған бұрынғы күйеу балаларының жазадан босап кетуі мүмкін екенін айтады. Себебі бұған дейін қызметте болған оның тұрмыс жағдайы жақсы екен. Марқұмның отбасы тіпті бізге де тиісе ме деп үрейленеді екен.

Полиция қылмысы дәлелденсе, күдіктінің жазасыз қалмайтынын атап өтті.

“Аталған жәйт бойынша автокөліктің ішіндегі мәйітке сараптама тағайындалып,  қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті, қала тұрғыны 1972 туылған азамат Шымкент қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жазадан құтылып кетуі мүмкін емес. Сол себепті Қазақстан республкиасындағы қазіргі қолданыстағы заңдарға сәйкес ол жауапқа тартылады деп сенімді айта аламын”,- деді Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Батырбек Мырзагелдиев.

Марқұмның артында екі кәмелетке толмаған қызы қалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.