Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігерлерден қорқып, мектептен қашқан: Көкшетауда оқушы жоғалып кетті

0 439

Ақмолалық полицейлер 12 жастағы баланы іздестіріп жатыр. Сәрсенбі күні түскі уақытта ол дәрігердің қабылдауынан қашып кетіп, жоғалып кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2009 жылы туған Болат Бекдәулет Зеренді ауданында тұрады.

«Сәрсенбі күні, 22 желтоқсанда түскі сағат 12-лер шамасында ол анасымен бірге Көкшетаудағы дәрігерлік амбулатория ғимаратында қабылдау бөлмесінде болған. Бала анасынан қашып кеткен, оның қайда екені әзірге белгісіз», – делінген хабарламада.

Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қара, беті сопақша, қара-торы, көзі қоңыр.

Киімі: қара көк күрте, қара тоқыма қалпақ (екі ақ жолағы бар), қара джинсы, қара етік.

Криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қонақүйлерді, жалдамалы пәтерлерді, компьютерлік клубтарды, сауда орталықтарын, шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған ғимараттарды, құрылыс алаңдарын, кәріздерді, гараж кооперативтерін, саяжайларды іздеуде.  Қоғамдық көлік жүргізушілері, такси және жеке такси жүргізушілері тексерілуде.

Жоғалған жасөспірім туралы ақпарат болса, полицияға 8 (7162) 29-10-09, 29-11-14, 29-10-12, 29-10-07, 29-10- байланыс телефондары арқылы хабарлау сұралады. 08, 8-776 -110-65-65, 8-707-552-61-59.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.