Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігерлер нәрестенің 10 сантиметрлік құйрығын алып тастады

0 451

Бразилияның Форталеза қаласында дәрігерлер жаңа туған нәрестенің 10 сантиметр болатын құйрығын кесіп алып тастады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, нәресте ұшында шар секілді өсіндісі бар құйрықпен туған. Ультрадыбыстық зерттеулер өсіндінің жүйке жүйесімен байланысы жоқ екенін көрсеткен. Құйрықты алып тастау үшін хирургиялық ота жасалды.

Ота сәтті өткен. Кейін дәрігерлер шар іспеттес өсіндінің май және біріктіруші эмбриондық ұлпадан тұратынын анықтады. Есепте өсіндінің аз зерттелген табиғи ауытқу екені көрсетілген. Ғылымда осы тектес 40-қа жуық жағдай тіркеліпті. Ең алғашқы құйрықты бала ХІХ ғасырда туған көрінеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.