Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігерлер Алматы облысы тұрғынының бауырынан 7,5 кг құрт алып шықты

0 627

42 жастағы Алматы облысы тұрғынының бауырынан 7,5 келі эхинококк табылды. Хирургтардың айтуынша, мұндай үлкен құрттың адам организмінде болуы сирек кездеседі, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың №2 хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Мұса Сахиповтың айтуынша, әйел бауырындағы құрт туралы өзінің маусымдық аллергиясының себептерін анықтау үшін дәрігерге жүгінген уақытта білген.

“Оның қазан айында аллергиясы басталған. Бұдан соң ол тұрғылықты жеріндегі терапевтке жүгінеді. Сол жерде ультрадыбыстық зерттеу жүргізеді. Осы УДЗ әйелдің бауырына үлкен эхинококк барын анықтаған”, – дейді дәрігер.

Бұдан кейін ол жеке медициналық орталыққа жүгінеді. Белгілі болғандай, ондағы дәрігерлер мұндай күрделі операцияны жүргізуден бас тартады. Сөйтіп, әйелге қалалық клиникалық ауруханаға баруға кеңес беріледі.

“26 қазанда жүргізілген операция 9 сағатқа созылды. Әйел 500 миллилитр қан жоғалтты. Біз қан құйып отырдық”, – дейді Мұса Сахипов.

Қазіргі уақытта әйел жансақтау бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.