Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігер керіліп, созылудың пайдасын айтты

0 530

Ортопед-травматолог Рашид Саидов таңертең ұйқыдан тұрғанда және жұмыс кезінде ұзақ отырғаннан соң керілу зат алмасуды тездетуге және бұлшықет тонусын жақсартуға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біз ұйықтап жатқанда ағзадағы зат алмасу, қан айналымы сияқты барлық процестер баяулайды. Бұлшықеттер толығымен босаңсып, күн ішінде алған жүктемелерден демалады. Оянғаннан кейін керілгіміз келуі табиғатқа тән дүние. Сол арқылы біз алдағы жүктемелерге дайындаламыз. Бұл әрекеттің арқасында бұлшықеттер белсендіріледі. Бұл тамырлардағы қан ағымын ынталандырып,  метаболизмді жеделдетеді. Дене оттегімен және басқа қоректік заттармен белсенді қанығатын болады.

Ал жұмыста ұазақ уақыт отырған кезде бұлшықеттер жұмыс істемей, қан айналымы баяулайды. Қарапайым керіліп, созылу  бұлшықет тонусын жақсартуға және қан айналымын жылдамдатуға көмектеседі», – деп түсіндірді Рашид Саидов.

Бұл ретте дәрігер ояна сала тез қимыл қозғалыстар жасамауға кеңес берді. Тез, жылдам қимылмен тұрып кеті адамға күйзеліс тудырып, бас айналдыруы мүмкін.

«Сондықтан, таңертең төсектен бірден тұруға асықпау керек. Оянғаннан кейінгі алғашқы минуттарды сабырмен керіліп, созылып алған дұрыс. Сонда дене жұмыс көңіл-күйіне бейімделіп, өзіңізді жайбарақат сезінесіз”,- деп қосты Саидов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.