Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігер бұлтты күн райының бас ауруына әсерін анықтады

0 316

Ресейлік дәрігер-офтальмолог, медицина ғылымдарының докторы Ирина Лещенко бұлтты күні бас ауруының себебін анықтады. Ауа-райының денсаулыққа әсері жайлы ол Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұлтты немесе тұманды күндері жарықтың түсуі азаяды. Ол көзге кері әсер етіп, бастың ауруына жиі себеп болады.

«Көздің шаршауының белгісі әркімде әртүрлі. Мысалы, менің ұйқым келеді. Яғни, бастың емес, негізінде көздің ұйқысы келеді. Жатқан кезде көз жұмылады, ал ми әрі қарай жұмыс істей береді. Шаршаған көздерді үнемі көзді қасығың келіп тұрады. Сондай-ақ, көз немесе бас ауруы мүмкін», — деді Лещенко.

Дәрігер бұлтты күндері тәуліктің кез-келген уақытында жарықты қосып қоюға кеңес берді.

«Жасанды жарықты көзге ыңғайлы болу үшін қосады. Компьютер мен гаджеттердің жарығы бар, бірақ ғимараттың ішінде қараңғы болса, олар көзге теріс әсер етеді», – дейді дәрігер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.