Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігер қазақстандық балалар омикрон штамын қалай көтеретінін айтты

0 188

Алматы қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, жоғары санатты инфекционист Марина Головенко коронавирустың омикрон штамын балалар қалай көтеретінін және оның дельта штамынан қандай айырмашылығы барын айтып берді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, омикрон белгілері вирустық инфекцияға тән.

«Сондықтан да қызу көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, бұлшықет ауыруы түрінде интоксикация белгілері байқалады. Мысалы, Уханда табылған бірінші штамымен салыстырғанда, иіс сезбей қалу сияқты белгілер сирек. Жалпы иіс сезу басым көпшілігінде сақталады. Дельтамен салыстырғанда диарея әлдеқайда аз кездеседі. Дельта жұқтырғанда диарея жиі болады. Омикронда катараль көріністер айқынырақ, яғни бұл – мұрыннан су ағуы, түшкіру, жөтелу, жиі дауыстың қарлығуы. Бұл негізгі айырмашылықтар», – деді Головенко.

«Екпе алған және алмаған балалар арасындағы айырмашылықты айту қиын. Өйткені дүниежүзінде балаларды вакциналау жақында ғана басталды. Ал бізде вакцина алған балалар контингенті өте аз. Бізге ауруханаға келген балалар вакцина алмаған және олар кішкентай балалар. Үлкен балалардың ауруханаға жатқызылу ықтималдығы аз. Бірақ ересектердегідей, вакцина алғандар ауруды жеңіл өткереді деген жалпы тенденция әлі де бар», – дейді дәрігер.

Дәрігер омикроннан айығу уақыты дельтамен салыстырғанда қысқа екенін айтты.

«Вирус тез енеді, қысқа инкубациялық кезеңде әсер етеді: бір күн, бір жарым немесе екі күннен кейін ол бәсеңдейді. Бұл омикронның ерекшелігі», – деп түйіндеді алматылық дәрігер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.