Қалалық қоғамдық-саяси газет

Чемпиондар ұстаханасы

0 624

Қала тұрғындарының жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін жыл сайын жаңа спорт нысандары бой көтеруде. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен шаһардағы ықшамаудандарда, шалғай алқаптар мен саябақтарда спорт алаңшаларының ашылып жатқаны да жұртшылықтың көз алдында. Соның нәтижесінде аймақтың ғана емес, күллі еліміздің абыройын асқақтатып жүрген жамбылдық жампоздардың қатары артып келеді. Бұған 2006 жылы бой көтерген №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің де қосқан үлесі зор.

Аталған білім ордасынан талай тау толағайлар қанат қақты. Айталық, қазақ күресінен 3 дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев, дзюдодан Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, қазақ күресінен әлем чемпиондары Айбол Айтбек, Дәулет Пахриденов, дзюдодан ел біріншілігінің жеңімпазы Дәулетхан Жақып, самбодан Азия чемпионы Арайлым Шегенова, каратэ-додан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Мұрат Ерсұлтан, Мирас Жігіт осы алтын ұяның түлектері.Болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін мектепте бүгінде 60 адам тынымсыз еңбек етуде. Оның 17-сі әкімшілік қызметкерлер, 33-і жаттықтырушы, 6-ы қатардағы жұмысшы. Жаттықтырушылардың да осалы жоқ. Мәселен, 2-і Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы болса, 4-і халықаралық дәрежедегі, 19-ы Қазақстанның спорт шебері, 3-і жоғары санатты, 1-і бірінші, 5-і екінші санатты бапкерлер. Сондай-ақ мұнда грек-рим, еркін, қол, қазақ, белбеу күрестері және дзюдо, самбо, каратэ, киокушинкай-кан, кибоксинг және таэквондо секілді спорттың 11 түрінен 739 жасөспірім тәрбиеленуде.
Ұлағатты ұстаздардың тынымсыз еңбегінің арқасында шәкірттері биік белестерді бағындыруда. Мәселен, 2018 жылдың өзінде әлем чемпионатында – 1, әлем кубогында – 4, Азия чемпионатында – 4, ел біріншілігінде 17 жампоз топ жарса, 2019 жылы 3 әлем чемпионатының, 3 әлем кубогының, 6 Азия чемпионаты мен кубогының, 58 ҚР біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бой көрсетті. Ал 2020 жылы әлем кубогында 9 оғланның жұлдызы жанса, былтыр әлем кубогында – 2, Азия чемпионатында – 13, Қазақстан чемпионатында 29 жасөспірімнің бағы мен бабы басым болды. Биылдың өзінде әлем, Азия, Қазақстан чемпионаттарында оза шапқан оғландарымыз жетерлік.
Мектеп директоры Қуандық Есмурзаев өңірдің және республиканың спортын дамытуда білім ордасының рөлі ерекше екенін атап өтті.
– Әр аптаның сәрсенбісінде өтетін жиналыста қызметкерлер мен жаттықтырушылардың жұмысы туралы есебі тыңдалып, айына 1 рет жаттықтырушы-лар – әдістемелік кеңесінің, әр тоқсан сайын 1 рет педагогикалық кеңестің отырысы, спорт түрлері бойынша бекітілген ашық сабақ кестесіне сәйкес ашық оқу-жаттығу сабағы өткізіліп, егжей-тегжейлі қаралып, талқыланып отырады. Спорт мектебінің басты мақсаты – облысымызға, еліміздің жасөспірімдер құрама командасына резерв, жоғары дәрежелі спортшылар дайындау және бұқаралық спортты дамыту. Бүгінгі таңда мектептің спортшы балуандары әлемдік, Азия, Қазақстан Республикасы деңгейіндегі жарыстарға қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүр, – дейді Қуандық Алимханұлы.
Расында, 2018 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 1, ҚР спорт шебері – 6, ҚР спорт шеберіне канди- дат – 90 болса, бүгінгі таңда ҚР спорт шебері – 3, ҚР спорт шеберіне кандидат 30 адамды құрап отыр екен. Сонымен қатар ҚР Ұлттық құрамасында биыл негізгі команда- да – 2, жастар құрамасында – 8, жасөспірім-дер сапында 3 спортшы өнер көрсетуде.
№7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болашақ чемпиондар өсіп келе жатқанына еш күмәніміз жоқ. Бүгінгі таңда олардың көбі толағай табыстарға кенелуде. Мәселен, грек-рим күресінен өткен облыстық чемпионатта 45 келі салмақта Аян Махамбетали – 1, Ерсұлтан Балғабай – 3, 48 келіде Әліби Ергешбай – 3, 60 келіде Ернар Тохтанай – 2, 71 келіде Жанболат Бекен 1-орынды еншіледі. Аталған спорт түрінен 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 38 келіде Ерасыл Балғабай – 1, Елмұрат Марат – 2, Ерасыл Амангелді 3-орынға қол жеткізсе, 41 келіде Нұрдәулет Тәшкенбай – 2, 48 келіде Ерназ Тохтанай – 1, 52 келіде Ерасыл Пәтей 2-орынды иемденді. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында киокушинкай-кан каратэден өткен республикалық турнирде Асылбек Бейбарыс, Камила Кемелбекова, Нұрзат Үсен, Аңсар Қазыбек 1-орынды олжаласа, Мирас Тәңірберген мен Қуаныш Байқан 2-орынды, ал Нұрдәулет Қалдыбек 3-орынды місе тұтты. Сонымен қатар Қостанай қаласында КСРО спорт шеберлері М.Бекежанов пен Асылхан Бұсырмановты еске алуға арналған дүбірлі додада Аян Ғалымжан мен Бекасыл Өркенұлы қарсылас шақ келтірмей 1-орын алса, Медет Дербіс пен Рамазан Мырзақасым 2-орынды еншіледі. Сонымен қатар Астана қаласында өткен Азия чемпионатында Асылбек Бейбарыс, Камила Кемелбекова, Тәңірберген Мирас, Әбілмәнсүр Ермекұлы, Тоғжан Аманбай, Қалдыбек Нұрдәулет жүлделі 1, 2, 3-орындардан көрінсе, маусым айында Испанияда өткен әлем чемпионатында Асылбек Бейбарыс, Камила Кемелбекова, Тәңірберген Мирас жүлделі үшінші орынды олжалап қайтқан еді. Сондай-ақ шілде айындағы Болгариядағы белдесуде Камила Кемелбекова алтыннан алқа тақса, қол күрестен Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өткен Азия чемпионатында Елнұр Жолдасбек, Юнус Минюров те алтынмен апталды. Ал Артур Седуюков қоланы қоржынға салған болатын. Каратэден Қырғыз астанасы Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде Нұркен Нұрзатұлы топ жарса, Арай Смет және Аяжан Ғаниқызы күміспен күптелді. Ал Саян Темірбек пен Эльбек Улугбекұлы қоланы қанағат тұтты. Дәл осы айырқалпақты ағайындардың Шолпан-ата қаласында маусым айында өткен Азия чемпионатында Саян Темірбек, Қуатбек Диас, Нұркен Нұрзатұлы бас жүлдені иеленсе, Нұрлан Ақназар жүлделі үшінші орынды олжалады. Осы жылы Мәскеу төрінде каратэден өткен байрақты бәсекеде осы мектептің шәкірттерінің барлығы өз салмағында алтыннан алқа тағып, Әулиеатаның абыройын әлем алдында асқақтатып қайтты.
Осы орайда «Спорт жұлдыздары» журналының «Жыл үздігі-2021» қорытындысы бойынша мектептің каратэден жаттықтырушысы Б.Н.Кулыбаев «Үздік жаттықтырушы» атанып, «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен марапатталса, Арай Смет пен Аяжан Ғаниқызы «Үздік спортшы» аталымына лайық деп танылғанын да зор мақтанышпен айта кеткен абзал. Бұл №7 спорт мектебінің шәкірттері қол жеткізген толағай табыстардың бір парасы ғана. Батырлар мен балуандардың ұстаханасына айналған Жамбыл жерінің жастары әлі талай белесті еңсереріне сенім мол.

Жарқын жетістіктер ордасы

Іргетасы 2017 жылы қаланған Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының да ауыз толтырып айтарлық жетістіктері баршылық.
Жалпы клубта қазақ күресі, дзюдо, самбо күресі, белбеу күресі, жауынгерлік самбо, кикбоксинг, таэквондо, каратэ-до, каратэ-до шинкиокушин-кай WKO, каратэ-до шотакан, джиу-джитсу, ушу-саньда, муай-тай, панкратион-грэпплинг, пенчак силат, грэпплинг UWW, қоян-қолтық ұрыс, қол күресі және ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек спорт түрлері бойынша 40 жаттықтырушы-оқытушы шәкірттерін баптауда. Спортпен шұғылданушылар саны жас ерекшеліктеріне қарай 546 адамды құрайды. Атап айтқанда, қазақ күресі- нен – 8, дзюдодан – 5, самбо күресі- нен – 4, жауынгерлік самбодан – 2, кикбок-сингтен – 2, каратэ-до – 1, каратэ-до шинкиокушин-кай WKO – 1, каратэ-до шотаканнан – 1, таэквондодан – 2, муай-тайдан – 2, қоян-қолтық ұрыстан – 2, грэпплинг UWW-дан – 1, панкратион-грэпп- линг – 1, қол күресі – 1, белбеу күресінен – 2, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек-тен – 1, пенчак силаттан – 2, ушу-саньдадан – 1 жаттықтырушы және джиу-джитсудан 1 жаттықтырушы жұмыс істеуде. Оның 36-сы арнайы жоғары, 4-і арнайы орта білімді мамандар. Сондай-ақ ішінде 6 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы», 16-сы «Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты жаттықтырушы», 2-і «Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы», 2-і «Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» дәрежелерінің иегері. Соны-мен қоса тәрбиеленуші-лердің 8 «Халықаралық дәрежедегі спорт ше-бері», 67-сі «Қазақстан Республикасының спорт шебері» және 99-ы «ҚР спорт шеберіне кандидат» атанған. Жас ерекшеліктеріне қарай спортты жетілдіру топтарын-да – 72, оқу-жаттығу топтарында – 404 және алғашқы да-ярлық топтарында 70 спортшы жат-тығады.
Осы жылдар ішінде спорт клубы оғландарының мерейі үстем болған кезі аз емес. Атап айтқанда, Самарқанд қаласында өткен қол күрестен ересектер арасында Азия чемпионатында Разия Кенжебек – 50, Алуа Бакаева – 85, Мансур Камбаров – 90, Айгерім Нәрік – 45, Саттар Бегінай 50 келі салмақта І- орын, Лариса Гебел 50 келіде ІІ, Айзат Саттарова – 55, Разия Кенжебек 60 келіде ІІІ орынды иеленген. Сондай-ақ Швецияның Ескильтун қаласында өткен армрестлингтен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында Разия Кенжебек 50 келіде оң, сол қолмен, Гүлназ Керімбекқызы 50 келіде оң, сол қолмен І орын, Айзат Саттарова 60 келіде оң, сол қолмен ІІ орын, Арман Сарсебай 65 келіде оң, сол қолмен, Әмір Жеңісбай 70 келіде оң, сол қолмен ІІІ орын еншілеген еді. Бұған қоса Шымкент қаласында өткен белбеу күресінен 23 жасқа дейін ересектер арасында ҚР чемпионатында Нұрболат Мырзанов 68 келі, Азат Рысбек 100 келіде І орын, Нұрлан Қырғызбек 90 келіде, Сұлтан Серікбай +100 келіде ІІІ орынға тұрақтады. Ал Алматы қаласында грэпплингтен өткен халықаралық турнирде Бейсен Қуаныш 47 келі ІІ орын, Альриза Есжанова 53 келі, Артём Эпп 59 келі ІІІ орын алса, Қарағанды қаласында өткен ММА аралас жекпе-жектен жастар арасындағы ҚР чемпионатында Меруерт Естемес 70,3 келі, Жанерке Жамалбекова 70 келі, Нұржас Дәулетияр 93 келіде І орынды иеленді. Айгерім Тлекова 56 келі, Аяжан Жатқанбай 61 келі, Денис Черепенко 83 келіде ІІ орын иеленсе, Қуат Ұлданбек 120 келіде ІІІ орынға қол жеткізді. Осы жылы күллі дүние көз тіккен Стамбул қаласында кикбоксингтен ересектер арасында өткен әлем кубогында Сымбат Әлиасқар (56 келі), Дулат Дүйсенов (57 келі), Ильяс Галимов (+81 келі) І орын, Бекарыс Сұрымбай (45 келі), Бауыржан Абдуллаев (86 келі), Ислам Маянху (57 келі) ІІ орын, Болат Заңғар (63,5 келі), Талант Уралбаев (75 келі) ІІІ орынға қол созды.
Жаз айының алғашқы күндері Джуния қаласында өткен самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Ахметғали Әділет (71 кг), Нұғман Бейбарыс (79 кг), Қазыбек Ракишев (90 кг) І орын, Серік Әбдімажит (71 кг) ІІІ орынды еншіледі. Ташкент қаласында өткен кикбоксингтен «Uzbekstan Open – 2» халықаралық турнирінде Сымбат Алиасқар (56 кг), Ернұр Алмет (69 кг) І орын, Али Нұралы (75 кг) ІІ орынды иеленіп қайтқан болатын. Дзюдодан Данияр Шамшаев ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарса, Чебоксары қаласында каратэ-до шотоканнан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында командалық есепте Шаттық Түменбай мен Нұркен Досанов І-орынды, жекелей сында Нұркен Досанов ІІ орын және Қайырымбек Кетебаев ІІІ орынды қанжығасын байлады. Сонымен қоса Абу-Даби қаласында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен ересектер арасында өткен әлем біріншілігінде Айжан Абдыкадыр 73,5 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды қанағат тұтты.
Жетістіктер легі тек мұнымен шектелмейді. Айталық, Константа қаласында қазақ күресінен өткен ересектер арасындағы әлем кубогында Нұрболат Мырзанов (66 кг) І орын, Бекжан Төлегенов (60 кг), Жұмадулла Оңалбай (82 кг), Айбол Айтбек (100 кг) қола медаль олжалады. Ақтау қаласында өткен жауынгерлік самбодан әйелдер арасындағы ашық Азия кубогында Фариза Нурсейтова (72 кг) ІІ орын, Рамиля Салимьянова (59 кг) ІІІ орын иеленсе, Аяна Сатқыналиева чемпионы атанды. Сондай-ақ Ереван қаласында өткен самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Әділет Ахметқали (71 кг) І орын, Асқар Тоқмаханбет (64 кг) ІІ орынды және Бейбарыс Нұғман (79 кг), Нұрдәулет Ілиясұлы (79 кг), Серік Әбдімажит (71 кг) ІІІ орынды еншіледі. Ал Түркияның Анталья қаласында өткен қол күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Гүлназ Керімбекқызы 45, Айзат Саттарова 50 келі салмақ дәрежесінде алтынмен апталды.
Осылайша Жекпе-жек спорт клубы өзінің жарқын жетістіктер ордасы екенін үнемі дәлелдеуде.

Тау толағайларды түлеткен…

Осы орайда №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі туралы да айтпай кетуге болмас. 2013 жылы қолданысқа берілген мектепте батуттық гимнастика, баскетбол, грек-рим күресі, қазақ күресі, таэквондо, көркем гимнастика, көгалдағы хоккей, қол күресі, спорттық акробатика, регби сынды спорт түрінен жұмыс жүргізілуде.
Мұнда спортшыларға арналған кешен, акробатика, көркем гимнастика және таэквондо, күрес, бокс, қол күресі залдары бар. Мектептегі шәкірт баптайтын 39 жаттықтырушының барлығы дерлік жоғары, бірінші санатты, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» дәрежесінің иегерлері. Ал 767 спортшының ішінде 7 ҚР спорт шебері, 85 спорт шеберіне кандидат, 25 І разрядты, 28 ІІ және ІІІ жасөспірім разрядты жасөспірімдер бар.
Мекеме басшысы Сәлкен Жартыбаевтың айтуынша, атқарылған жұмыстар ауқымды болғанмен, алда тұрған жоспарлар да аз емес екен.
– Біздің міндетіміз спортшыларға жоғары жетістіктерге қол жеткізуі үшін жағдай жасау, ҚР құрама командаларына ену үшін спортшыларды іріктеу мен дайындау, олардың шеберлігін арттыру және республикалық, халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсету, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету. Мекемеде жаттықтырушылар кеңесі айына бір рет өткізіліп тұрады. Аталған кеңес отырысында оқу-жаттығу және тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарлары, жарыстарға қатысу мәселелері қаралады, жаттықтырушылардың баяндамалары мен есептері тыңдалады. Біз алдағы күндерде алдыңғы толқын ағалардың жолын жалғайтын, спортшыларды тәрбиелеп шығарамыз деп мол сеніммен айта аламын, – дейді Сәлкен Қалдыбекұлы өз сөзінде.
Ағымдағы жылдың басынан бері мектеп спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, мерейлері үстем болуда. Атап айтқанда, олар әлем чемпионаты мен кубогында – 11, Азия чемпионаты мен кубогында – 48, ҚР чемпионаты мен кубогында – 27, халықаралық турнирлер- де – 4, облыс чемпионаттарында 51 медаль еншілеген. Осы жылы жас ерекшеліктері бойынша ҚР құрама команда сапына 53 спортшының енгені де зор мақтаныш.
Талай тарланды түлеткен №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің де алар асуы алда екені даусыз.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.