Қалалық қоғамдық-саяси газет

Cүйіктісі артынан іздеп келген: Атырауда сәбиін сатпақ болған қыз түрмеде тұрмысқа шықты

0 322

Атыраудағы әйелдер түрмесінде бұрын сәбиін сатпақ болғаны үшін сотталған қыз сүйіктісімен некесін қидырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Өткен жылы 21 жастағы оралдық қыз жүкті болып қалып, босанады. Ол жаңа туған сәбиін сатпақ болады. Оны полиция қызметкерлері ұстап, сот үкімімен көкек ана жеті жылға сотталды.

Сотталған қызды Оралдағы тергеу қапасынан Атыраудағы әйелдер түрмесіне ауыстырады. Қыз түрмеге түссе де, сүйіктісі оны тастамай, артынан Атырауға іздеп келген. Кейін қыз түрме әкімшілігінен жігіті екеуінің некелерін заңдастыруды сұрап, өтініш жазады.

УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Марта Өтепованың айтуынша, жас жұбайлардың өтініші қанағаттандырылған.

«Мекемеге сотталған қыздың жігіті мен неке қию қызметкері шақырылып, некелерін қидық. Жас жұбайларға бостандықта қауышуларын тілейміз», — дейді Марта Өтепова.

Қалыңдық бостандыққа алты жылдан кейін ғана шығады. Оған дейін жолдасымен ай сайын ғана кездесе алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.