Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бюджет қаражатын игермеген министрліктер белгілі болды

0 329

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 37 миллиард теңгені игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет отырысында Е. Жамаубаев республикалық бюджет бойынша төрт триллион теңгеге жуық шығын жұмсалғанын айтты.

«Орындалмаған қаржы 20 миллиард теңге, оның 5 миллиард теңгесі – үнемдеу. 15 миллиард теңге игерілмеді. Игерілмеген қаржының ең көп көлемі денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде», деді ол.

Министрдің айтуынша, бюджетті игермеудің негізгі себептері: шарттар жасасудың ұзақ мерзімді рәсімдері, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шоттарды кеш ұсыну, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.