Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балаларға жасалған базарлық

0 474

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тараз қалалық №2 пробация қызметі есебінде тұрған, сотталған көпбалалы отбасылардың балғындарына «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігімен тосынсый ұйымдастырылды. №2 пробация қызметінің бастығы, әділет майоры О.Бектаев сотталған азаматтардың балаларына көңіл бөлу қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

– Ата-ананың күйзелісі отбасында, атап айтқанда, кішкентай балаларға аса қатты сезіледі. Осы орайда осы бүлдіршіндердің мерекесі қарсаңында аз да болса көңіл бөлу біз үшін маңызды. Себебі олардың өздерінің елеусіз қалмайтынын әрі Отанына керек екенін сезініп өсуіне біз үлес қосуға міндеттіміз, – деді О.Бектаев.
Осы күні балалар бір дастарқаннан дәм татып, тәтті балмұздақтар мен бәліштерден ауыз тиді. Сондай-ақ ашық аспан астында сурет салу сайысы ұйымдастырылып, балғындарға сыйлықтар үлестірілді.

А.Ильясова,
Тараз қалалық №2 пробация қызметі бастығының орынбасары,
әділет майоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.