Қалалық қоғамдық-саяси газет

Болжам «Тұрақты»: Fitch Ratings халықаралық агенттігі ForteBank рейтингін «ВВ-» дейін көтерді

0 144

Fitch Ratings халықаралық агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» деген болжаммен «ВВ-» дейін көтерді. Рейтингтің көтерілуіне Forte табысының артуы, капитализация өсімі мен проблемалы қарыздар портфелінің азаюы, қор жинау мен өтімділіктің берік базасы әсер еткен. Агенттік мәліметінше, Forte нарықтың барлық саласында несие беруде айтарлықтай өсімге қол жеткізген. Банктің несие портфелі 2022 жылдың бірінші жартысында 26%-ға артқан. 

Fitch сарапшыларының тұжырымдауынша, Forte мен Қазақстан банк секторы Ресей-Украина жанжалына байланысты туындаған сыртқы тұрақсыздыққа сәтті қарсы тұруда. Бұған капитал мен өтімділіктің жоғары табыстылығы әсер етті.

«Forte бизнес-моделі соңғы жылдары әлемде және Қазақстанда орын алған оқиғалар салдарынан туындаған сыртқы тұрақсыздық алдында беріктігін көрсетті. Клиенттер біз енгізген кең өнімдер желісін, сапалы сервис пен ыңғайлы қосымшасына жоғары баға беріп, Forte-нің сенімділігіне көз жеткізді. Нәтижесінде банк барлық клиенттер сегментіндегі нарықтық позициясын нығайтып, капиталының табыстылығын  ұлғайтты және несие портфелінің сапасын жақсартты. Бұл Fitch агенттігі рейтингінің көтерілуіне әсер етті», – деді ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Халықаралық қаржы есебінің стандарттары бойынша шоғырландырылған есебіне сәйкес ForteBank активтері 2022 жылдың бірінші жартысында 8%-ға өскен. Банктің несие портфелі 1 триллион теңгеден асты, өсім 26%-ға жетті. Банктің шоғырландырылған таза табысы 44 миллиард теңгеден (2021 жылдың 1 жарты жылдығындағы табыс 31,6 миллиард теңге) асты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.