Қалалық қоғамдық-саяси газет

Боксшы Бақтияр Артаев Арман Жұмагелдиевке араша сұрады

0 250

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қамауға алынған Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке араша түсті. Боксшы криминалды авторитеттің елге жасаған жақсылықтарын айтып, оны қамаудан босатуды сұрады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Арман Жұмагелдиев бауырым үшін жүрегім ауырады. Оның құқық қорғау органдарының қолына түсіп, қонақ үй қабырғасына сүйене кеп отырған суреті тордағы қайрансыз қалған көкжалдың сұсты бейнесі көзіме елестейді.

Иә, оны жұрт қылмыскер, банды санайды. Арман – қасқыр жігіт. Жемін түзден тауып жейтін. Шамасы келсе түзден тапқанын жұртымен қақ бөлісіп жейтін. Оны білеміз. Алғаш пандемияның кесірінен жұрт бір жұтым ауаға қинала жатып, қынадай қырылған кезде егілген жұрттың қыстыққан дауысын алғаш естіген бөрінің бірі сол еді» дейді Артаев.

Бақтияр пандемия кезінде Арман Жұмагелдиев сол кезде тапшы болған ИВЛ аппараттарының санын арттырып, елге үлкен көмек бергенін еске алды.
Арман бауырыма бостандық! «Иә, жұрт Арманның небір жақсылығын біледі. Көбі айта алмайды. Ал Арман бауырыма сөйлеуге оның намазы, мұсылмандығы жібермейді. Солай! Ел күшеніп кейде жұрт ішінен кешегі Бақыткелдіні, Атабаны, Сары Алмасты іздегісі келеді. Оның хайыры не? Олар тірісіне соқыр болса? Біз СубханАллаһ сондай жұртпыз ғой. Кешегі Шығыс Түркістан үшін жанын қиған Оспан батыр Исламұлын да өзі жұрты, өзі руласы өзгелермен қосылып алып оны «банды» қылған.

Айтпағым, тағы Армандай дала бөрілері өз басым үшін бостандықта емін-еркін жорық салуы сондай қажетті. Олардың әлі «қазақ баласына» еліне, жұртына жасар жақсылығы шаш етектен екені шын дүние.
Шіркін, Абай атам: «Қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай». Айтпағым Арман бауырыма бостандық сұраймын. Елінің бөрісі аман бол» деді Артаев.

Халық боксшының бұл бастамасын қолдағанымен оған журналист Гүлмира Әбіқай қарсы шықты.

«Арманды көруге алаңға барып, аңырайып бетіне қарап тұрып, қаншама жас жазықсыз өлді. Азаматтығы бар шығар. Қылмысын қайда қоямыз? Қылмыс түбі – жаза. Мен үшін сен батырсың, Бақтияр Артаев. 2004 жыл, Афины олимпиадасы, соңғы күні барша қазақты жылатып, жұбатып, жалғыз медаль әкелген Алаш чемпионы. Өзің бар бол, аман бол! Арманды қайтесің, ертең-ақ оны шығарып алады. Ал сен бізге керексің» деді ол.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.