Қалалық қоғамдық-саяси газет

Блогерге Украинада соғысып жатқан Ресей әскерін мақтау үшін ақша ұсынылды

0 297

Еліміздегі танымал блогер Әлішер Елікбаев Ураина-Ресей қақтығысына қатысты бір жайт туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Блогер өзінің Facebook-тегі парақшасында жарнама бойынша ерекше ұсыныс түскенін жеткізді. Ол бөліскен скриннен Ресей басып алған Украинаның Донецк пен Луганск аймағына блогерлер жиналып жатқанын көруге болады.

Бізге Донецк мен Луганск аймағына 1 аптаға барып, сол жақтағы хал-ахуалды көрсететін блогерлер қажет. Бұл іске жақсы ақша төленеді, кейін басқа да жобаларға шақырамыз. Сол жақтағы адамдар мен әскерді қолдап жіберу керек, — делінген хатта.

Бұған отандық блогер жауап беріп үлгерді.

Бұл — Ресейден түскен тапсырыс. Енді біздің елден мұндайға кім келесітіні қызық болып тұр, — дейді Әлішер Елікбаев.

Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украинаның Донецк және Луганск, Запорожье және Херсон облыстарындағы референдумға байланысты Қазақстанның ұстанымын айтқан еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.