Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Біздікілер ме? Ресейліктер ме?» Қазақстандық орыстар ТіkТоk-ты шулатып жатыр

0 209

Мобилизацидан қашқан ресейліктердің Қазақстанға келуі өз еліміздің ұлты орыс азаматтарын да алаңдатып отырған сияқты. Олар жұртшылық өздерін шетел азаматтарымен шатастырып алмас үшін түрлі әдістерді қолданып жүргенін айтып, тіпті бірінен соң бірі ТіkТоk-тағы парақшаларына видео жүктеп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К. 

Надежда Москалева есімді келіншек қазақ тілінде мүдірместен сөйлейді. Ол желі парақшасына видео жариялап, өз оқырмандарына «ресейлік орыстарды қалай ажыратып жүрсіздер?» деп сұрақ қояды.

«Қызық жағдай болды. Күйеуім екеуміз базарда жүрсек, қасымыздан 25-30 жас шамасындағы қазақтың балалары өтті. «Здравствуйте, вы из России?» деді. Сосын қарадым да «Айналайын, не болды? Орыстарды көрсеңдер «Ресейден бе?» деп сұрай беретін болдыңдар ғой» десем, күледі. Мен де күліп жатырмын. ТіkТоk-ты көрсем, қазақстандық орыстар бәрі паспортпен шығатын болдық деп жатыр. Мен де өзім көшеге шықсам, «мынау біздің орыстар ма, әлде біздікілер ме?» деп қарайтын болдым. Бір-бірімізді қалай ажыратамыз?» — дейді ол.

Бейнежазбаға пікір жазғандар руың кім деп сұраса, бірден түсінеді дегенді алға тартты. Ал енді бірі жергілікті орыстарды жүріс-тұрысы мен киімінен бірден байқауға болатынын айтқан.

Әлеуметтік желілерде өздерін қазақстандық екенін көрсетіп жүрген орыс ұлты өкілдерінің бейнежазбалары мемге айналды деуге болады. Мәселен, жас жігіт Қазақстан туы белгіленген футболка киіп жүргенін көрсетсе, енді бір бойжеткен құжатын көрсетіп видео жүктеген.

 

 

Юля есімді қолданушы Қазақстанға ресейліктер жаппай ағыла бастаған соң, өзінің Instagram-дағы парақшасында есімін Әлия деп өзгертіп, профильдегі ақпаратын қазақша жазып қойған сәтінің видеосын бөлісті.

 

 

Желі қолданушыларының көбі қазақ халқы өздерін «өзіміздің орыстар» деп атай бастағанына ерекше риза болып, алғыстарын білдіріп жатыр.

 

ТіkТоk-та қаралым көп жинаған видеоларды назарларыңызға ұсынамыз:

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.