Қалалық қоғамдық-саяси газет

Біздің жағдайымыз барша еліміздегі жағдаймен бірдей – Даниял Ахметов жемқорлық туралы

0 375

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов жемқорлық мәселесі туралы айта келе, мұны «барша елде бар мәселе» деп бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналистердің бірі әкімге сауал қойып, Нұртай Сәбилянов сұхбаттарының бірінде Шығыс Қазақстан облысын жемқорлық жайлағаны туралы айтқанын мәлімдеді.

«Жемқорлық – өте қызық мәселе. Бұл мәселемен күресіп келе жатырмыз. Бұрынғы депутат Сәбилянов біздің облыста жұмыс істегенде осы туралы неге айтпады? Осыған таңқаламын. Айтсын, келсін, мәселені көтерейік», – деді Ахметов.

Облыс әкімі ШҚО-дағы жағдай барша еліміздегі жағдаймен бір екенін қосып өтті.

«Бізде арнайы бюро жұмыс істейді. Сол себепті біздің жағдайымыз барша еліміздегі жағдаймен бірдей», – деп түйіндеді әкім.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.