Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бізді тез арада бұзыңыздар»: Алматы әкімдігі тұрғынға жауап берді

0 290

Алматылық тұрғын апатты үйді бұзу туралы талабын плакатқа жазып, терезесіне іліп қойған. Қала әкімдігі осы мәселеге қатысты түсінік беруге мәжбүр болды деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тозығы жеткен үй тұрғындарының бірі терезесіне баспанасын бұзуды талап еткен плакатты іліп қойған сурет тараған болатын. Сонымен қатар, хабарламада қалалық әкімдіктің апатты нысанды бұзуға рұқсат бермей отырғаны туралы жазылған.

«Бізді тез арада бұзыңыздар» деген жазуы бар үй Шевченко көшесі, 113 мекенжайда орналасқан. Бұл нысан Алматы қаласындағы ескі үйлер тізіміне кіреді. Реновация аясында аталмыш учаскеге әлеуетті инвестор – «ВЕК корпорациясы» құрылыс компаниясы тартылды. Қазіргі кезде мердігер мен тұрғындар арасында сатып алу шарттары бойынша келіссөздер жүргізілуде. Құрылыс компаниясынан ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі салдарынан сүру жұмыстарын жүргізуге шешім берілмейтін болды. Орын алған ескертулер жойылған жағдайда мәселе заңға сәйкес қаралады», – деп хабарлады әкімдік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.