Google компаниясы болашақта қазақтың балаларын жұмысқа шақыратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы мәлімет Facebook-тегі ZTB Qazaqstan парақшасында жарияланды.
«АҚШ-тың Хьюстон қаласында 7-9 жастағы балалар арасында робототехникадан өткен First Lego League әлем чемпионатында Қазақстан командасы бас жүлдені жеңіп алды», – делінген хабарламада.
Чемпионатта жүк тасымалын тиімді жеткізу бойынша жобалар сарапқа салынды. Қазақстан командасы жүкті поезбен тасымалдауда дронды пайдалану жобасын ұсынды. Оған Google-дың өкілдері қызығушылық танытып, қазақтың балаларын компанияның инженерлік жұмысына шақыратынын айтты.
«Болашақта біздің инженеріміз болыңдар. Жобаларың ұнады», – деді сайыста Google-дың өкілдері қазақтың қаракөз балаларына.
Жарысқа әлемнің 60 елінің командасы қатысты. Қазақстан жарыста алғаш рет бақ сынады.