Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл қазақстандықтарға қанша зейнетақы төленді?

0 328

1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді деп хабарлады turkystan.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 79,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 182,6 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам.

1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 117 469 теңге болды.

«2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.