Қалалық қоғамдық-саяси газет

Біртанов ісі: Қорғаушылар денсаулық сақтау министрлігінің өкіліне қарсы шықты

0 442

Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің қорғаушылары жәбірленушілердің өкіліне қарсы шықты. Бұл туралы елордада өтіп жатқан алдын ала тыңдау барысында белгілі болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушылардың адвокаттарының айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің мүддесін қорғайтын Роза Жақанова отставкадағы судья, сонымен бірге министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымымен шарттық қарым-қатынаста.

Қорғаушылар мұндай келісім-шарттың заңдылығына күмән келтірді. Сот адвокаттардың өтінішін ішінара қанағаттандырды. Сот отырысында қорғаушылар да тергеу мен прокурордың көптеген заң бұзушылықтарын жария етті. Адвокаттар қылмыстық істі бас прокурорға қайтаруды сұрап отыр.

Еске салайық, сонау шілде айында Қаржы мониторингі агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Екеуі де үйқамақта.

Бұған дейін сот Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін 14 қаңтарға дейін ұзартқан болатын. Апелляциялық шағымды судья Элеонора Оңғарсынова қарады. Біртановтың адвокаттары оған қарсы шыққан болатын. Алайда судья алдыңғы үкімді күшінде қалдырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.