Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өрнектің өнегесі көпке үлгі

0 284

Аудан әкімі Сәкен Арубаев пен мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов жұмыс сапарымен Өрнек ауылында болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Биыл ауылға біршама игі істер жасалуда. Атап айтар болсақ, Әшімұлы, Бекбенбет, Саухатов, Мұқанов көшесіне 103 млн теңге бөлініп, жолдары асфальттануда.
Сондай-ақ ауылдың орталығынан «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 210 млн 481 мың теңгеге еңселі 140 орынды мәдениет үйінің құрылысы басталған. «Жаңа-Кемер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған өнер ордасының бүгінде іргесі қаланып, сырты қоршауға алынған.

Бұдан бөлек мемлекетік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 406 аулаға ұзындығы 30 шақырымды құрайтын табиғи отын желісі тартылуда. Мердігер «AKBARYS STORU LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл игілікке қазынадан бөлінген 310 млн 790 мың теңгені жұмсамақ.

Жалпы ауданның газбен қамтылуы көрсеткіші кезең-кезеңімен шешімін тауып отыр. Өңірде 26 ауылға газ жүйесі тартылған, бүгінде 13 ауылға бастапқы дайындық жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде Ащыбұлақ, Тастөбе, Рахат, Қаракемер, Еңбек ауылдарына аталмыш бағдарлама аясында 725 млн теңге қаралып, ауылішілік көшелерге газ тарту жұмыстары тиянағын тапса, биыл Жұма стансасы, Көлқайнар, Ерназар, Шайдана, Өрнек ауылдарына табиги газ жүйесі кіргізіледі. Оған республикалық бюджеттен 655,3 млн теңге жұмсалуда.

Осылайша, ауданда 2019 жылы газбен қамту үлесі 57,1%, 2020 жылы 61,9%-ға жетсе, биыл бұл көрсеткіш 90,4%-ды құрайтын болады.

Ауылдағы жұмыстарды аралаған Сәкен Қаланұлы сапаға айрықша назар аударуды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.