Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әбілязовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0 199

Париждің апелляциялық соты қазақстандық «БТА» банкі директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовке қатысты қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір қашқын банкир Францияда тұрады. Париж соты Қазақстанда ақша жымқырғаны үшін сырттай сотталған 57 жастағы Мұхтар Әбілязовке 2020 жылдың қазан айында «мән-жайды ауырлататын жағдайда сенімді теріс пайдаланып, ақша жылыстатты» деген айып тақты. Франция билігі оны бостандықта, «сот бақылауында» қалдыруды шешті. Бұл ешқайда шықпау туралы қолхатпен бірдей. Бірақ 500 мың еуро кепіл төлеуге міндеттеді.

Кейінірек Мұхтар Әбілязовтің ел билігінің пайдасына кепіл енгізбеген жағдайда қамауға алынуы мүмкін екені хабарланды. Бейсенбі күні ол ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық қудалаудың тоқтауына қол жеткізді.

Десе де, «БТА» банкінің заңгерлері кассациялық шағым түсірді. Сол себепті Париждің апелляциялық сотының шешімі әлі өзгеруі мүмкін.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың маусымында Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әбілязовті қылмыстық ұйым құрып, «БТА» банкінің қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп тапқан болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның мәліметінше, бұрынғы банкир келтірген шығын 7,5 миллиард АҚШ долларынан асады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.