Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 48

  Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды  «JambylTaraz» ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Соның ішінде Ақтөбе облысында жел тұрып, боран күшейеді. Сонымен қатар, батыс өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарында тұман түседі. Синоптиктер Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында боран болады деп болжап отыр. Ал Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.