Рамзан Кадыровтың кіші қызы Хутмат Кадырова жоғары лауазымды қызметкер атанды. Бұл туралы Шешенстанның баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев мәлімдеді деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Шешенстан Республикасының тұңғыш президентінің немересін (Хутмат Кадырова) аймақ басшысының хатшылығы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын! Хутмат Рамзановна әртүрлі салаларда бірнеше рет жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Хафиз деген жоғары атақтың иесі бола отырып, ол өзін нағыз мұсылман және шешен халқының нағыз қызы ретінде көрсете білді. Хутмат Рамзановна өзіне сеніп тапсырылған қызметті атқарып, республиканың игілігі үшін лайықты еңбек ететініне күмәнім жоқ», – деп жазды Дудаев Instagram парақшасында.
Хутмат Кадырова – Шешенстан басшысының үшінші қызы, Грозный дельфинарий сауықтыру және ойын-сауық кешенінің бас директоры. Бұған дейін оны туған күнімен құттықтаған Рамзан Кадыров оның Құранды жатқа білетінін және Ресейдегі ең жас фермер екенін атап айтқан болатын.
Еске салсақ, Кадыровтың екі үлкен қызы да Шешенстанда жоғары лауазымдарға ие. Атап айтқанда, Айшат өткен жылы Мәдениет министрі болып тағайындалса, ал Хадижат Грозный қаласының мектепке дейінгі білім департаментін бір жылдан астам уақыттан бері басқарып келеді.