Қалалық қоғамдық-саяси газет

Берік Уәли: Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға еш қатысы жоқ

0 356

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған. Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген. Өздеріңіз білесіздер Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын», – деп жазды Берік Уәли.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.