Қалалық қоғамдық-саяси газет

Белгілі блогер Петропавл мен Павлодар атауының ауыспау себебін айтты

0 478

Блогер Дәулет Мұқаев Петропавл мен Павлодар қалаларының атауына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

«Ол үшін осы аймақтарда қазақтардың саны кем дегенде 70% болуы керек деп есептеймін. Статистиканы қарасақ, Петропавлда 27% ғана қазақтар тұрады, Павлодарда 48% ғана. Жер дауы болып жатқан Донбасс пен Луганскте орыстар 50%-ға жетпесе де, өздері бөлініп шыға келді. Біз үшін ойланатын нәрсе. Бірақ уақыт өте келе бұл аймақтардың атауы өзгереді деген сенімдемін. Себебі, бүгінгі Жолдау соның бастамасы болғандай. Бірнеше облысқа тарихи атаулары берілуде» деп жазды блогер.

Сондай-ақ ол 13 наурызда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өткізген форумға қатысқанын жазды.

«Тілге қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Айтарымызды айттық. Тіл жанашыры ретінде бұл қоғамның мүшелік билетін алдым. Алдымен өзімізден бастауымыз керек. Қазақ тіліне деген сұранысты өзіміз арттыруымыз керек. 10 қазақ отырып, арамызда 1 орыс жүрсе, орыс тілінде сайрап кететіндер жетерлік», – деді өзекті мәселе төңірегінде ой қозғаған Дәулет Мұқаев.

Айта кетсек, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы – қазақ тілі, мәдениеті, әдебиеті мен тарихын оқып-үйренуге, ұлттық рух, елдік намысты оятып, оны одан әрі дамытуға ынталы Қазақстандағы және шетелдегі азаматтарды біріктіретін ерікті ұйым. Қоғам 1989 жылы Алматы қаласында өткен I құрылтайда құрылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.