Бекжан Пірматов – кәсіби банкир, банктік салада, оның ішінде қазақстандық әрі HSBC және ЕҚДБ сынды халықаралық қаржы институттарында 18 жылдық жұмыс өтілі бар. Сонымен қатар, «ЦеснаБанк» және First Heartland Jysan Invest басқармаларына басшылық жүргізді. 2020 жылы басқарма төрағасының орынбасары ретінде Forte командасына қосылды. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті («Нархоз» университеті) мен George Washington University (АҚШ) жоғары оқу орындарының түлегі.
«Бекжан Пірматов Forte құрамында жұмыс істеген уақыты барысында корпоративтік блок, ШОБ бағыты, қазынашылық, бөлшек сегмент бағыты секілді бизнестің негізгі желілеріне жақсы басшылық жүргізе білді. Директорлар кеңесі Бекжанның кәсіби біліктілігін, жергілікті және халықаралық қаржы нарықтарын жан-жақты білуін, көшбасшылық қабілеттерін ескере отырып, оны басқарма төрағасы лауазымында бекіту туралы шешім қабылдады. Оның басшылығымен Forte командасы бизнестің тұрақты өсуін жалғастырады деген сенімдеміз», – деп пікір білдірді ForteBank директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов.
«Мен Forte-ні үздік банк ретінде санаймын, акционерлер мен директорлар кеңесі білдірген сенімдері үшін және банкті жаңа деңгейге көтеру мүмкіндігі үшін алғыс білдіремін. Әмбебап банктің жұмысындағы сабақтастық және цифрлық шешімдер арқылы бизнес сегменттерде өсуге бағытталған тиімді стратегияны жалғастыру біз үшін өте маңызды», – деп Бекжан Пірматов атап көрсетті.
2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында ForteBank бизнестің негізгі көрсеткіштері бойынша қарқынды дамуды көрсетті. Банк активтері 15,8%-ке, несие портфелі 27,5%-ке, депозиттер 4,5%-ке өсті. Басқарушылық есептілікке сәйкес, таза табыс 43,2 млрд. теңгені құрады.
2022 жылғы 8 шілдеде S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді кредит рейтингін «В+» бағасынан «ВВ-» бағасына дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам — «Тұрақты». Сонымен қатар, аталған агенттік қазақстандық ұлттық шкала бойынша банктің рейтингін «kzBBB+» бағасынан «kzA-» бағасына дейін көтерді.