Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бекзат Жүсіпов Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары болды

0 360

Бекзат Бақбергенұлы Жүсіпов Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлады.

Бекзат Жүсіпов 1989 жылы Маңғыстау облысында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Шығыс Англия университетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Ол еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастап, 2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары  Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор, 2019-2021 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры болып қызмет етті.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.