Қалалық қоғамдық-саяси газет

Базар жастары жарап тұр

0 189

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен қаладағы базардың жастары арасында «Дүйсенбілік футбол» турнирі өтті.

Сәндібек Піренов

Республиканың 5 қаласында өтіп жатқан доданың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру және базар жастары арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Турнирге қаладағы базар мен сауда орындарынан 16 команда қатысты. Осыған дейін 21 қыркүйекте «Тараз-Арена» спорт кешенінде жеребе тартылып, командалар төрт топқа бөлінген. Жартылай финалдық ойындарда қарсаластарын қапы қалдырған «Орталық базар», «Ауыл Береке-2», «Қайқармет» және «Гранд Базар-2» топтары жүлдеге таласты қыздыра түсті.

Турнир жеңімпаздарына тоқталсақ, 1-орын алған «Қайқармет» тобы 300 мың теңге ақшалай сыйақыны иеленді. Ал 2-орын алған «Орталық базар» тобы 200 мың теңге сыйақыны қанжығасына байлады. Жүлделі 3-орынға ие болған «Гранд Базар» тобы 100 мың теңге сыйақыны еншіледі. Сонымен қатар турнирдің «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» және «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша 9 ойыншы арнайы кубок пен мадақтама қағазына ие болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.