Қалалық қоғамдық-саяси газет

Батыс Қазақстан облысында тағы да алты жасар қыз ойын алаңындағы сырғанаққа саусағын кесіп алды

0 196

Батыс Қазақстан облысындағы балалар ойын алаңында болған тағы бір оқиға. Теректі ауылында алты жасар қыз қаңылтыр сырғанаққа ең кішкентай саусағының буынын кесіп алған, деп хабарлайды Stan.kz

Сурет Мой горд басылымынан алынды

“15 мамыр күні қызым құрбысы мен оның анасы бар үшеуі ойын алаңына кетті. Бәрі жақсы алаңсыз отырғанымда қызымның досы келіп оның алаңда саусағын жарақаттап алғанын айтты. Барып өз көзіммен болған жайтты көргенімдегі қалімді сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Қызым есеңгірегеннен бір орында жыламай тұрып қалыпты. Ал сол жерде жүрген ата аналар қыздың саусағы сырғанақта жатыр, алып ал деп айтты. Біз аудандық ауруханаға барғанша жедел-жәрдемді көп күттік. Дәргерлер қызым Сашаның саусақ буынының бөлігін қайта тігуге кеш екенін жеткізді. Ұзақ уақыт өтіп кеткендіктен ол жансызданып қалған. Олар қызымның кесілген саусағын тігіп берді”,- деді  Александрдың анасы Татьяна Косицина.

Татьяна полицияға арыз жазған. Алайда ешқандай қылмыс құрамы болмаған соң іс жабылған. Кейін прокуратураға жазған арыз да қабылданбапты.

“Тергеуде учаскені алған мердігер туралы бір ауыз сөз болған жоқ. Ата-аналармен және спорттық сауықтыру кешенінің балансындағы ойын алаңы директорына сұраулар қойылды. Директор осы жылдың наурыз айында қызметіне кіріскен. Ол бізге балалар ойын жағдайына қарайтын штаттық қызметкердің жоқ екенін айтты. Бұл іске кім жауап береді?” – деді Татьяна.

Татьянаның айтуынша болған оқиғадан төрт күн өткен соң сырғанақты ойын алаңынан алып кеткен. Алайда алаңда таңнан кешке дейін кішкентай балалар күнде ойнайтын көрінеді және бір сырғанақты алса да соған ұқсас екіншісі тұрғанын жеткізді.

“Бұндай оқиғалардың ең сорақысы менің қызымның басынан өтіп отыр. Бұған дейін де сол ойын алаңынан өзге балалардың қолын сырып, аяғын сырып кесіп алғандарын естігенмін. Енді қазір Саша өз саусағынан ұялады. Балалар ойнап жүріп оған саусағы жоқ деп келемеждейді екен”,-деп қосты Александрдың анасы.

Спорттық сауықтыру кешенінің балансындағы ойын алаңы директоры Армат Ибраев телефон арқылы сөйлескен кезде балалардың ойын алаңындағы жағдайларын тексеретін адамның жоқ екенін растап, бұған қаражаттың бөлінбегенін айтқан.

“Мен бұл қыздың ата-анасының жағдайын түсініп тұрмын. Алайда дәл бұл мәселеге байланысты мен ештеңені түзете алмаймын”,- деді директор.

Теректі аудандық ауруханасы дәрігерлерінің қорытындысына сәйкес, қыздың сол қолының бесінші саусағына ампутация жасалған. Ал БҚО полициясының баспасөз қызметі жағдайға қатысты кейінірек түсініктеме беруді уәде етті.

Еске салсақ, бұл БҚО-дағы бірінші жағдай емес. Бұған дейін де Оралда үйінің ауласындағы ойын алаңында ойнап жүрген 13 жастағы Никита екі саусағынан айырылып,  Қонаев ықшам ауданындағы No18 үйдің балалар алаңында 13 жастағы Диас Қайырғожин төртінші саусағын жарақаттап алған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.