Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Басына секірді»: ағайынды үш жігіттің анасы жанайқайын жеткізді (ВИДЕО)

0 329

Іnstagram әлеуметтік желісіндегі ekibasvteme парақшасында бір топ адамның төбелесі түсірілген видео жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өзін Әміров Әли, Мәдениет және Дәулет есімді жігіттердің анасы ретінде таныстырған әйел бір топ белгісіз адамдардың ұлдарын аяусыз соққыға жыққанын жазған.

«Мен олардың жанында болдым. Олар төбелесті тоқтатыңдар деген өтінішімді елемеді. Мені ұрып жіберді. Ортаңғы және кенже ұлдарым ес-түссіз жатты. Балаларымның басына секірді. Кіші ұлымның құлағы, жақ сүйегі, мұрны сынды, миы шайқалды. Мәдениет пен Дәулетке газ баллонын шашты, ұрып-соғу кезінде екеуі естерінен танып қалды.  Дегенмен бір топ адам оларды ұруды жалғастыра берді. Үлкен ұлым Әли полиция шақыруға тырысты, мен де бірнеше қоңырау шалдым» деп жазды әйел.

Автордың айтуынша, іс сотқа жолданған.

Екібастұз қаласының Полиция басқармасы аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300-бабы тәртібінде прокуратураға берілгенін хабарлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.