Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басын қайнатты, балталады, пышақтады… 2021 жылдың атышулы қылмыстары

0 159

2021 жылды атышулы қылмыстармен де есте қалды деп айтуға болады

Елімізде болған көптеген қылмыстар қоғамдық резонанс тудырып, тіпті қолданыстағы кейбір заңдарды қайта қарауға алып келді. Экспресс К осы жылы ел есінде қалған сұмдық әрекеттердің топтамасын жасады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кетеді. Бірнеше күннен кейін оның қаза тапқаны мәлім болып, кейін оны маньяктың өлтіргені анықталады. 28 жастағы жігіт Аяжанды пәтерде өлтіріп, денесін бөлшектеп, тіпті басын қайнатқан. Кей дене мүшелерін Алатау ауданынан тыс жерлерге апарып, қоқыс жәшіктеріне жасырған. Ұсталған күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір оған қатысты сот болып жатыр.

instagram
instagram

15 сәуірде қостанайлық әйел үш жасар қызы мен бір жастан асқан ұлын пышақтап тастаған. Олар ауыр хәлде ауруханаға түсті. Жасаған қылмысынан кейін әйел өз-өзіне қол салмақ болған. 26 жастағы келіншек бұл қылмысқа өзге еркекті құрбысынан қызғанғаннан барған.

Pxhere
Pxhere

5 мамырда қазақстандық Әсел Айтпаеваның денесі Грузияның астанасы Тбилиси қаласынан табылды. Ол 9-қабаттан құлап мерт болған. Кейіннен Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол салуға итермелеу бойынша айыптау қаулысын шығарды. 16 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бойжеткеннің ата-анасының арызы бойынша оның туысы М.Мейірбековті ұстап, оған қатысты ҚК 128-бабымен (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бесо Тордуа / © ЭК
Бесо Тордуа / © ЭК

26 маусымда Қостанайда 73 жастағы ер адам 30 жастағы баласын балталап тастады. Ол әкесінің жұмыс орнына мас күйінде келіп, жанжал шығарған. Баласы әкесіне түрлі боқтау сөздерін айтқан. Ашуға булыққан 73 жастағы Владислав Греков ұлын балтамен 11 рет ұрып өлтірген. Қария ұсталып, ісі сотта қаралып жатыр. Ол өзіне ату жазасын сұрады.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ ықшамауданында орналасқан жекеменшік үйдің иесі Игорь Дужнов сот шешімін орындауға келген бес адамды атып тастады. Банк Дужновтың үйін өз меншігіне алуға сотқа арыз түсіріп, сот жылжымайтын мүлікті күштеп тартып алу туралы шешім шығарады. Бұл шешімді естіген азамат үйінен қару алып шығып, үйден шығаруға келген сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Кейін оның Украинада соғысқаны туралы ақпарат таратылып, тіпті суреттері жарияланды. Дужновтің жұбайы Анаид Демирчян күйеуінің Украинада соғысқанын жоққа шығарды. Бұл іс те қоғамдық резонанс тудырып, Сенатта борышкерге кепілге қойылған мүлікті өзі сатуына мүмкіндік беретін заң қаралып жатыр.

Анаид Демирчян / Игорь Дужнов
Анаид Демирчян / Игорь Дужнов

25 қарашада Атырау облысы Құлсары қаласында жас жігіт жеті баланың анасын пышақтап өлтірді. Ер адам әйелге несие алып бергенімен, көпбалалы ана несиені төлемеген. Еден жуушы болып жұмыс істейтін әйел жұмыстан шыққаннан кейін ер адаммен кездесіп, екеуі әңгімелесіп, кейін оны пышақтап тастаған. Жеті баланы анасыз қалдырған 25 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынды. Балалар әкелерінің қарауында.

iStock
iStock

8 желтоқсанда Шымкенттегі Полиция департаментіндеге тергеу 31 жастағы Нұрболат Жұмабаев көз жұмды. Марқұмның туыстары Нұрболаттың Шымкентке болашақ жарын алып кету үшін келгенін айтты. 17 желтоқсанда келіннің беташар рәсімін өткізуді жоспарлаған. Тергеу кезінде полиция қызметкерлері жігітті ұрып-соққан. Тіпті мәйітті сараптамаға алып кірмей тұрып, полицейлер көз жұмған жігіттің әкесіне ақша ұсынған. Тергеу амалдары басталып, алты полицей ішкі істер органдарынан шығарылды. Тергеу сотының санкциясымен үш лауазымды полицей (екі подполковник, бір полковник) екі айға қамауға алынды.

Нұрболат Жұмабаев / видеодан кадр
Нұрболат Жұмабаев / видеодан кадр

Бұл — 2021 жылы түгел бір отбасыны, тіпті тұтас елді қан жылатқан қылмыстардың тек бір ғана топтамасы. Біреулердің өмірін қиғандар заң алдында жауап бергенімен, ар алдында жауап бере алады ма?

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.