Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бас прокуратура Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын растады

0 261

Бас прокуратура Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады деп жазды turkystan.kz.

«Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», – деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембай.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тараған видеоларда кәсіпкердің «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмалдиевтің жанында жүргені көрінген болатын. 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді.

Бас прокуратура Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, «Дикий Арман» тобы қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.