Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бас прокуратура қаңтардағы оқиғалардың бірыңғай жоспары туралы баяндады

0 408

Қаңтар оқиғалары ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауаптылыққа тарту үшін тергеу белсенді жүргізілуде. Алматы облысында «О» және «Н» есімді азаматтар анықталды, олар Талдықорған қаласында қиратулар, азаматтардың мүліктерін жою және мемлекеттік объектілерді басып алу қатысушыларын қаржыландырған. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың мәліметінше, әрбір қиратушыға қатысқаны үшін 20-дан 100-ге дейін АҚШ доллары төленген.

«Бұл фактілер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін күдіктелген адамдардың жауаптарымен расталады. Жамбыл облысының тұрғыны 2022 жылғы  4 қаңтарда Алматы қаласында болып, «Телеграмм» каналды ашып, оған санаулы сағаттарда бірнеше мың қатысушы жазылды. Осы телеграмм канал арқылы оның қатысушылары баррикадаларды құру, «Молотова» коктейльдерін дайындау және құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық білдіру үшін толық нұсқаулық алып отырған.  Кейін ағымдағы жылғы 5-6 қаңтарда аталған канал арқылы қиратушылардың қозғалысы және олардың Жамбыл облысының мемлекеттік объектілеріне жасаған шабуылдарын түзету туралы ақпарат жүрді.   Күдікті адам анықталды және ол қазіргі уақытта қамауда. Осы өңірде «Газель» автокөлігінің жүргізушісі «С» және оның жақтасы «К» есімді азаматтар анықталды. Олар аталған көлікпен жүріп, алдын ала дайындалған арматураны, ұрланған полицияның қалқандары мен бронжилеттерін таратқан. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлерінің жүруін қиындату үшін, олар автокөлікті жолдарды жабуда қолданған. Қылмыстық істерді талдау нәтижелерімен осы қылмыстарды жасаудың ұқсас тәсілдері қайғылы оқиғалар болған басқа өңірлерде де байқалатынын көрсетті. Бұл мән-жайлар олардың үйлестірілуін және бірыңғай жоспардың болғандығын көрсетеді», — деп атап өтті спикер.

Мысалы, Алматы қаласында 4 күдікті адам ұсталды, олар әлеуметтік желілер арқылы арматура кесінділерін дайындау және қиратушылар орналасқан жерге тасымалдау туралы нұсқаулар алған. Қазіргі уақытта олардың үйлестірушілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.