Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бар жақсылық балаларға

0 337

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Әлбетте, еліміздің ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болуы үшін бүгінгі жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі әрі жаңашыл болып қалыптасуы шарт.  

Осы мақсатта көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр балалардың дамуына қолдау көрсету, эстетикалық талғамдарын дамыту, жаңа есімдермен таланыттарды анықтау, спортқа өнерге деген құштарлығын арттыру, шеберліктерін шыңдау арқылы шығармашылық деңгейін өсуіне ықпал ету мақсатында «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінде Тараз қалалық ардагерлер кеңесі, Әкелер мен Аналар алқасының  ұйымдастыруымен «Бар жақсымыз балаларға» атты  шаһардағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілерімен кездесу өтті.

Шараға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова бастаған азаматтар қатысты. Әуелі сөз алған Шәріп Дәулетбаев бүгінгі шараның мән-маңызына кеңінен тоқталды.

– Балалар – біздің келешегіміз, баянды болашағымыздың бастауы. Тәуелсіз елімізді ертеңгі күні дамытып, өрістетін де осы балғындар. Сондықтан олардың дендерінің сау, зиянды әдеттерден аулақ болуы аса маңызды, – деді ол өз сөзінде.

Шара барысында балғындар  «Отаным-бақыт мекені»  тақырыбында сурет  салып, ардагерлер мен балалар арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту сынды спорт түрлерінде түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.