Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балта және темірмен ұрған: Маңғыстау облысында бір топ адам «есірткі тасымалдаушыларды» аяусыз соққыға жыққан

0 171

Әлеуметтік желіде бір топ адамның екі азаматты аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады. Жазбада зардап шеккендендің «есірткі тасымалдаушылары» екені жазылған. Болған оқиғаға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің өкілдері мәліметті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кадрлардан беттерін тұмшалап алған бір топ адамның ер адамды қоршап, қоқан-лоқы көрсеткенін байқауға болады. Кейін оқиға қатысушыларының бірі ер адамға қолын тастың үстіне қоюға бұйырады.

«Қолыңды қой. Ештеңе деп жатқан жоқпын. Болмаса, балтамен шауып тастаймыз. Балта қайда?» – дейді видеодағы ер адам.

Желідегі екінші видеода ер адамды қуып, балтамен ұрған. Видеоға түсіргендер соққыға жығылған азаматтан кешірім сұрауын талап етеді.

«Құдай үшін кешіріңдер! Ештеңе таратқаным жоқ, рас айтамын. Дәлелдей аламын. Ұрмашы, өтінемін», – дейді ол.

Видеоға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Маңғыстау облысында болғанын растады.

«Оқиға қатысушыларын полиция анықтады. Күдіктілерді ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық істі полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.