Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баланы жалаңаш жүруге мәжбүрлеген: Павлодардағы балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісі жазаланды

0 223

Павлодардағы жекеменшік балабақшада баланы жалаңаш жүруге мәжбүрлеген тәрбиеші мен күтуші жазаланды, деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күтуші қыз жұмыстан босатылды, ал тәрбиешіні жүкті болғаны үшін жұмыстан шығара алмадық. Оған кеше қатаң сөгіс жарияланды. Ал бүгін таңертең, 8 ақпанда ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды», – деді Zerek Bala балабақшасы қарайтын «Заман Альянс» ЖШС директорының орынбасары Қанат Қаймулдин.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда әйел жеке балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісінің әрекетіне шағымданды. Әйелдің екі жасқа толмаған баласын балабақша қызметкерлері салқын бөлмеде 42 минутқа қалдырған, сол уақытта өздері түскі асқа кеткен. Баланың үстінде киімі де болмаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.