Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балалыққа сағыныш

0 162

Баға жетпес, бақытты балдәуренім –
Өзің менің алғашқы салған әнім.
Жігер беріп жүр әлі жүрегіме,
Бала күні өзіңнен алған нәрім.

Періштедей бейкүнә балалығым,
Көңілімде сен жайлы дара ұғым.
Балғын шағым, жүзіңді елестетем,
Көрген кезде мөп-мөлдір дала нұрын.

Ең қызықты шағымсың өмірдегі,
Шуағы мол көктемім көңілдегі.
Әдемі де әсерлі сурет те сен,
Бірінші боп ілінген төрімдегі.

Мен өзіңе оралып бара алмадым,
Бала болып қайтадан жаралмадым.
Тым болмаса бір көріп қайтсам деп ем,
Мекеніңе барар жол таба алмадым.

Сен де маған келмедің шақырғанмен,
Таңдарымды күтумен атырғанмен.
Арта бермек аңсарым саған мәңгі,
Сағынышым басқаға басылғанмен.

Бақытжан Әліқұлов,
ақын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.