Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мақтанышым – Таразым

0 461

Талай ғасыр өткеріпті азабын,
Кеңпейілді, батыр тұлға – қазағым.
Ата-баба мұраларын сақтаған,
Мақтан тұтар қалам менің Таразым.

Қайғы бұлтын серпіп тастап торлаған,
Туған жерін сыртқы жаудан қорғаған.
Батырларын аңыз етер елім бар,
Ұрпағының келешегін болжаған.

Аударған ғой талай жұрттың назарын,
Жібек жолы бойындағы базарың,
Қастерлейміз тағзым етіп, пір тұтып,
Айша бибі, Қараханның мазарын.

Қайта түлеп, мұқалмаған Таразым,
Бауырыңда мөлдір сулы Таласың.
Екі ғасыр серпіп тастап көрпесін,
Әлдилеген жас өскінді баласын.

Тұрғанай Мейірманқұлова,
білім саласының ардагері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.