Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Балаларының көзінше зорлаған»: Атырау тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап тастаған

0 351

Атырау тұрғыны азаматтық некеде болған бұрынғы әйеліне көптеген пышақ жарақатын салған. Аралары үзілген соң келіншекті қорлап, ұрып-соғып жүрген қаскүнем бұл жолы оны өлтіруге оқталыпты деп хабарлады turkystan.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, 2019 жылы екеуі бірге тұруын тоқтатқан. Соған қарамастан, ол бірнеше рет келіп, бұрынғы әйелінің мүлкін бүлдіріп, ұрып-соққан, қорлаған, бірақ сот оны бірде-бір рет әкімшілік қамауға алмай, тек ескерту жасаған. Бірде ол үйіне терезе арқылы кіріп, балаларының көзінше әйелді зорлаған.

Осыдан кейін іс қозғалғанымен, бұрынғы күйеуінің қысымы мен қоқан-лоққыларына шыдамаған әйел оған шағымы жоқ екенін жазып, іс жабылған. Ал қаскүнем тағы да әйелдің ізіне түседі. Өзі келіп, басқа бір адамды жіберіп, ол адам пышақ көрсетіп, қарызын қайтару керек екенін ескертеді. Әйел оны видеоға түсіріп, учаскелік қызметкерге жіберген, бірақ ол да еш әрекет жасамаған көрінеді.

Тағы бірде ер адам бұрынғы азаматтық некедегі әйелінің үйіне пышақпен келіп, оны кескілеп тастайды. Әйел өмірлік маңызды органдарын аяқ-қолымен қорғаштаған. Көмек дер кезінде жетіп, ол аман қалады. Келіншек Атырау облыстық ауруханасына түсті. Оның басы жарақаттанған, екі қолы мен аяғында да жарақат көп. Ең терең жара – сол қолында, үшінші және төртінші саусақтары сынып, сіңірлері зақымдалған.

Ауруханада өз-өзіне келген әйел «Не молчи» қоғамдық қорына жүгініп, әлеуметтік желідегі парақшасында болған оқиға туралы да айтып берді. Бұл жайтқа қатысты Атырау облыстық Полиция департаменті пікір білдірді.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі («Адам өлтіруге оқталу») және 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2021 жылы полицияға отбасылық-тұрмыстық жанжалдар бойынша 4 мыңнан астам арыз-шағым түскен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.