Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балалардың мүгедектік тобын анықтау кезеңі қалай есептеледі?

0 498

  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жеті жастан бастап балаларға мүгедектігі бойынша жәрдемақыларды саралай отырып, мүгедектік топтарын белгілеу жөніндегі норма регламенттеледі. Бұл құжат биылғы 24 қазаннан қолданысқа енгізілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанар Нұрбек хабарлады. Ол жетіден он алты жасқа дейінгі  балалардың мүгедектік тобын анықтау кезеңі заң қолданысқа енгізілген күннен бастап есептелетінін де ескертті.

«Ата-аналары арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін МӘС бөлімдері «мүгедек бала» санаты бойынша белгілінген мүгедектік мерзіміне мүгедектік топты тағайындауды МӘС актісінде тіркелген деректер және тіршілік тынысының шектелу дәрежесін бағалау бойынша сырттай шығарылған сараптамалық қорытынды негізінде автоматтандырылған режимде жүргізетін болады. Сондықтан заң күшіне енген күні 7 жастан асқан мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне мүгедектік тобын белгілеу мақсатында қайта куәландыру үшін медициналық ұйымдар мен МӘС бөлімдеріне жүгінудің қажеті жоқ», – деді спикер.

Шығарылған сырттай шешіммен келіспеген жағдайда, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» сәйкес мүгедектік топты тағайындау халық тіркелімі бойынша бекітілген медициналық ұйымның дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша мүгедектік мерзімінен бұрын қайта куәландыру арқылы жүргізіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.